NTP Жаңалықтар

NTP мен AIU арасында меморандумға қол қойылды

Astana International University президенті С. А. Ирсалиев пен "NANOTECHPROM" ЖШС директоры С.Т. Жұбаназаров AIU базасында Инжинирингтік орталық құру туралы Меморандумға қол қойды.

Тараптар қазақстандық және шетелдік технологиялық компаниялардың тапсырысы бойынша жобаларды бірлесіп іске асыру, ғылыми-зерттеу қызметін коммерцияландыру үшін әріптестікті нығайтуға, сондай-ақ компьютерлік инжинирингке және аддитивті технологияларды пайдалануға, оның ішінде американдық Altair Engineering компаниясының әзірлемелерін пайдалана отырып, назар аударуға ниетті.

Инжинирингтік орталықтың ашылуы AIU студенттері мен қызметкерлеріне жоғары индустриялық стандарттар бойынша сертификаттаудан өтуге, заманауи бағдарламалық қамтамасыз етудің көмегімен кешенді зерттеулер жүргізуге, сондай-ақ шетелде тағылымдамадан өту барысында кәсіби тәжірибе алуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, AIU студенттеріне, магистранттарына және докторанттарына ғылыми жобалармен жұмыс істеу және қонақ дәрістер оқу үшін жоғары білікті техниктерді тарту ынтымақтастықтың маңызды элементі болады.

Қосымша ақпарат алу үшін "Altair" Компаниясының Орталық Азиядағы ресми серіктесі "НаноТехПром" ЖШС-не телефон арқылы хабарласыңыз +7 777 797 89 75 немесе электрондық пошта арқылы arshat.talap@nanotechprom.kz
Made on
Tilda